Жаңалықтар / Құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу – басты назарда!
Құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу – басты назарда!
Мектебімізде оқушылар арасында құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу, есірткі қылмыстың лудоманияның, терроризмнің алдын алу мақсатында 8-10 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы жиналыс өтті. Жиын барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытжамал Сегізбайқызы оқушыларға мектеп ережелерін сақтау, тәртіп нормаларын бұзбау, бір-біріне құрметпен қарау, достық пен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату қажеттілігін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ-ның УПИ-ры полиция аға лейтенанты Мұхтар Оразбекұлы жоғарыда аталған тақырып бойынша балаларға құқықтық түсіндірме жұмысын жасап ақпараттандырды.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

