Жаңалықтар / Құқықтық білім: Балалардың құқықтары мен міндеттері

Құқықтық білім: Балалардың құқықтары мен міндеттері

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚ

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық білім: Балалардың құқықтары мен міндеттері»

тақырыбында Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Болатқызы Аружан,КПБ ЖПКб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны М.Балтабаев

7-10 сынып оқушыларына сабақтар өткізді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ барысында бейнекөрсетілімдер, ағартушылық жұмыстар жүргізіліп, қорытынды тест тапсырмаларын орындады.

Оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, соның ішінде бала құқықтарын қорғау мәселелері туралы кеңінен ақпарат берді. Өз құқықтарын білу мен оны қорғау жолдары, сондай-ақ қоғамдағы міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Сабақ соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан толық жауаптар алды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top