Жаңалықтар / Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі
Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық жауапкершілікті арттыру мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиынға Қызылорда қаласы
ПДКҚБб бастығы полиция подполковнигі Н.Жалғасбаев, КПБ ЖПКб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны М.Балтабаев қатысты.
Жиналыс барысында:
– Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу;
– Топтық төбелес, лудомания, есірткіге тәуелділік, буллинг;
– Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруі;
– Интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік;
__ Қала көшелерінде автокөліктермен заңсыз шеру ұйымдастыруға;
__ Су айдындарында ересектердің бақылауынсыз суға түсуге;
– Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, кешкі уақыттағы бақылауды күшейту және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ұсыныстар айтылды.
Бала қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

