Жаңалықтар / «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»
Мектебімізде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 29-сәуір күні Қызылорда ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ полиция капитаны М.Балтабаев, ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ полиция капитаны Қ.Жубаназаров 8–10 сынып оқушыларының қатысуымен маңызды профилактикалық жиналыс өтті.
Кездесу барысында «Заң және тәртіп», «Қауіпсіз қала» жобалары аясында
құқықтық сауаттылықтың маңызы, буллингтің салдары және заң талаптарын сақтау жөнінде түсінік беріліп, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – интернеттегі қауіпсіздік, Онлайн қорқыту (кибербуллинг), Жалған аккаунттар арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар сияқты қауіптер жан-жақты түсіндіріліп, олардың алдын алу жолдары нақты айтылды.
Сонымен қатар оқушыларға:
Бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау
Жеке мәліметтерді жарияламау
Күмәнді парақшалардан аулақ болу
Әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану
қажеттігі ерекше атап өтілді.Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, күмәнді ойындардың зияны, олардың бала психологиясына әсері және алдын алу жолдары кеңінен айтылды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top