Жаңалықтар / Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары
25 мамыр күні 1–10 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға құқықтық білім беру, Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, заңға құрмет пен тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілері оқушыларға заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы түсіндіріп, Конституцияда көрсетілген адам құқықтары мен міндеттері жөнінде мәлімет берді.
Оқушылар түрлі пікірталас, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар арқылы өз ойларын білдіріп, құқықтық сауаттылықтарын арттырды.
Оқушыларға жазғы демалыс күндеріне арналған қауіпсіздік шаралары да түсіндірілді.

