Жаңалықтар / «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚ
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚ
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында мектебімізде «Құқықтық білім беру» тақырыбында Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жантүгел Нұрталап Ерланұлы 7-10 сынып оқушыларына қүқықтық сабақтар өткізді.Сабақ барысында бейнекөрсетілімдер, ағартушылық жұмыстар жүргізілді.
Құқықтық білім беру – мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды процесс. Ол оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге, заңдарды құрметтеуге және қоғамда дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға көмектеседі. Бұл білім жасөспірімдердің құқықбұзушылықтың алдын алып, әділдік пен тәртіпті сақтауға тәрбиелейді. Құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға қоғамның дамуына оң үлес қосады және заңды құрметтейтін азамат болып өседі.

