Жаңалықтар / ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП қағидатын нығайту мақсатында 18-наурыз күні мектебімізде 8-11 сынып оқушыларына
Қызылорда ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ полиция капитаны Балтабаев Мұхтар Оразбекұлы, Қызылорда ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ полиция лейтенанты Байымбетов Абзал және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дарбаева Бақытжамал Сегізбайқызының қатысуымен «Заң мен Тәртіп- қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстылық, топтық төбелес, маргиналды жастар арасындағы құқық бұзушылықтар, бөтен мүлік ұрлығы, интернет-алаяқтылық, адам өлтіру қылмыстарының алдын алу мен болдырмау мақсатында кеңейтілген түсіндіру-профилактикалық жиналыс өткізілді.
Дәріс барысында «Заңды сақтау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тәртіп бар жерде – сенім бар, сенім бар жерде – тұрақтылық бар» қағидаты негізге алынды.
«Заң және тәртіп» бағыты бойынша жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кезінде оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері, заң бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік, өзара сыйластық және қоғамдық тәртіпті сақтау туралы маңызды мәліметтер берілді.
Әрбір бала қауіпсіз ортада білім алуға құқылы. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейді.

