Жаңалықтар / ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАЙДЫ

ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАЙДЫ

«ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАЙДЫ»

№ 176 орта мектебінде білім мен еңбектің, талант пен табандылық шын мәнінде жарқырап, өз-өзіне сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын, болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын ұстаздар мен оқушыларымыз «ЖҰЛДЫЗДЫР ЖАРҚЫРАЙДЫ» атты жыл үздіктерін, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың, ғылыми жоба қорғау байқауларының, кәсіби сайыстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапат төрінен көрінді.

Бұл — тек марапат емес, бұл — маңдай тердің, тынымсыз ізденістің, ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегінің жемісі.

Дәстүрлі түрде өткізілетін олимпиаданың қорытындысы бойынша білімнің туын желбіреткен оқушыларымыз мектебіміздің абыройын асқақтатты.

Биылғы оқу жылында мектебімізден қатысқан оқушылар арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған, Облыстық байқаулардың жеңімпаздары — 9 мұғалім, 2 оқушымыз, 27 мұғалім мен 31 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлері, оқушылары да, өздері де түрлі байқаулардың бірнеше рет жеңімпазы болған 6 үздік мұғалімдеріміз де бар.

Дарынды оқушыларымыз бен білікті ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің жетістіктеріңіз — мектебіміздің мақтанышы, еліміздің жарқын болашағы!

Жұлдыздарыңыз әрдайым жарқырай берсін!

Биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top