Жаңалықтар / Жасөспірімдер арасында электронды темекі (вейп) қолданудың алдын алу, оның адам ағзасына тигізетін зияны
11-желтоқсан күні «Жасөспірімдер арасында электронды темекі (вейп) қолданудың алдын алу, оның адам ағзасына тигізетін зияны» туралы ақпарат беру мақсатында 9-сынып оқушыларына түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Түсіндірме барысында электронды темекінің құрамында никотин және адам денсаулығына зиянды химиялық заттар бар екені айтылды. Вейп қолданудың тыныс алу жүйесіне, жүрек-қантамыр жүйесіне кері әсер ететіні, тәуелділікке әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.
Сонымен қатар, вейптің «зиянсыз» деген жалған түсінік екені, оның оқушылардың оқу үлгеріміне, психологиялық күйіне кері әсер ететіні мысалдар арқылы жеткізілді. ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға темекі және никотин өнімдерін қолдануға тыйым салынатыны ескертілді.
Оқушылар электронды темекінің зияны туралы толық мағлұмат алып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінді.

