Жаңалықтар / ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ, ӨНЕРЛІ ОҚУШЫ — БИБІНҰР
ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ, ӨНЕРЛІ ОҚУШЫ — БИБІНҰР
«Цифрлық технологиялар ұлттық өнердің жаңа дәуірі» тақырыбындағы ӨНЕР пән бірлестігінің онкүндігінің төртінші күні БИБІНҰР оқушымызға арналды.
Көпбалалы отбасынан шыққан БИБІНҰР МАҚСҰТҚЫЗЫ нағыз он саусағынан өнері тамған дарынды, талантты оқушы. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы 2 — сыныптан басталған Бибінұрдың талантын байқап, дарынын шыңдаған ұстазы — ДАБЫЛОВА ЭЛЬМИРА апай.
«Ұстаздан шәкірт озар» деген сөз қазіргі таңда Бибінұрға арналғандай. Ұстазы Эльмира апайдан алған өнерімен Бибінұр халықаралық, республикалық сурет, өнер байқауларының жеңімпазы. Талантты, дарынды оқушының өнерінің шыңдалуына отбасында анасы Гүлшат пен әкесі Мақсұт та үлкен қолдау көрсетеді. Бибінұрдың бойындағы инабаттылық пен ибалық, үлкенге деген құрмет пен өнерге деген шынайылық таланты атасы Жүрсінбай мен әжесі Бәтішкүлден дарыса керек. Себебі, Бибінұр ата мен әженің де, әке мен ананың тәрбиесін бойына қатар сіңірген нағыз ұлтжанды өнер иесі.
Өнерің шыңдалып, талай биік шыңды бағындырып, ұлттық өнердің жанашыры бола бер, БИБІНҰР!
Мектеп ұжымы саған үлкен сәттілік тілейді.

