Жаңалықтар / Жат ағымнан сақтану
Жат ағымнан сақтану
Жат ағымдағы діндер тұрғысында түсіндірілім жұмыстарын жүргізу үшін оқушыларды ақпараттандыру мақсатында мектебімізде 8-11 сынып оқушыларына, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Сәкен Алдашбаевтың қатысуымен «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: оқушыларды жат ағымдар мен радикалды діни көзқарастардан қорғау үшін діни сауаттылықты арттыру.
Кездесу барысында оқушыларға діни сауаттылықтың маңыздылығы, дәстүрлі дін мен теріс ағымдардың айырмашылығы туралы кеңінен түсіндірілді. Сәкен Алдашбаев өз сөзінде жастарды діни радикализмнен сақтандыру, саналы таңдау жасауға бағыттау жайында мазмұнды ақпарат берді.
Шара оқушылардың қызығушылығын оятып, ой салатын пайдалы диалогқа ұласты.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың рухани тәрбиесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

