Жаңалықтар / Жеткіншектер арасында құқықбұзушылық пен буллинг, киббербуллингтің, зиянды әдеттердің алдын алу

Жеткіншектер арасында құқықбұзушылық пен буллинг, киббербуллингтің, зиянды әдеттердің алдын алу
2025 жылдың 13 қазан күні «Жеткіншектер арасында құқықбұзушылық пен буллинг, киббербуллингтің, зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында 7 сынып оқушыларына арналған профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Оқушыларға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы: Н.Мадалханов,Қызылорда ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ полиция аға лейтенант: М.Балтабаев, Қызылорда ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ полиция аға лейтенант: Ғ.Өміртай,мектеп педагог-психологы Б.Абиева:
-Буллинг, киббербуллинг(орынсыз әзіл,қалжыңның зардабы, жеке шекараны сақтау,әлеуметтік желіні сауатты пайдалану)
-Зиянды әдет және денсаулық;
-мектепішілік тәртіпті сақтау мен қоғамдық орындағы тәртіпсіздікті болдырмау;
-беймезгіл уақытта жүрмеу, ұрлыққа бармау, суық қаруды ұстамау;
-Бос уақытты тиімді пайдалану;
-Дұрыс дос таңдау; бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кеңестер берілді. Оқушыларға тақырып аясында бейнеролик көрсетілді. Сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды. Жеткіншектік кезең оқушылардың балалықтан ересектік кезеңге өтетін тұлғалық және физиологиялық тұрғыдан үлкен өзгерістерге толы даму кезеңі. Сондықтан жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізу — өз нәтижесін беретіні анық.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top