Жаңалықтар / Абай – әділдік символы
8 қараша күні №176 орта мектебінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Абай – әділдік символы» тақырыбында 5–6 сыныптар арасында қара сөздері мен музыкалық композиция бойынша мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты:
– Оқушыларды ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен терең таныстыру;
– Абайдың қара сөздеріндегі адамдық, әділдік, білімге ұмтылу сияқты құндылықтарды оқушылар бойына сіңіру;
– Көркем сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;
– Өнерге, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс барысында қатысушылар:
– Абайдың қара сөздерінен үзінділерді мәнерлеп оқыды;
– Ақынның өлеңдерін орындады;
– Музыкалық композиция, ән орындау арқылы Абайдың шығармашылығын танытты.
Шараға 5–6 сыныптардан барлығы 17 оқушы қатысты.
Қазылар алқасы ең үздік оқушыларды анықтап, I, II, III орын және арнайы номинациялар бойынша марапаттады.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын оятты, танымдық және тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

