Жаңалықтар / Қауіпсіздік – басты құндылық

Қауіпсіздік – басты құндылық

18-мамыр күні 5 “Б” сыныбында «Қауіпсіздік – басты құндылық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері туралы бейнеролик көрсетіліп, түрлі жағдаяттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар топқа бөлініп, белсенді түрде тапсырмалар орындады.

«Суреттер сөйлейді» бөлімі

Берілген суреттер арқылы оқушылар өз ойларын айтып, қауіпсіздік ережелері туралы пікір алмасты. Әр топ суретке талдау жасап, қандай жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.

«Алғашқы көмек көрсету» бөлімі

Оқушылар алғашқы көмек көрсету кезінде жасалатын іс-әрекеттер туралы тапсырмаларға жауап берді. Түрлі жағдаяттар бойынша өз білімдерін ортаға салып, дұрыс әрекет ету жолдарын талқылады.

«Ойлан да, толықтыр!» тапсырмасы

Сабақ соңында экран арқылы оқушыларға қалып қойған сөздері бар тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар ойланып, тиісті сөздерді тауып жазып, өз білімдерін көрсетті. Бұл тапсырма олардың зейінін арттырып, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауына көмектесті.

Сынып сағаты өте қызықты, тартымды әрі пайдалы өтті. Оқушылар қауіпсіздік ережелерінің адам өміріндегі маңызын түсінді.

 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top