Жаңалықтар / Білім мен тәжірибе – болашақ кепілі

Білім мен тәжірибе – болашақ кепілі

«Мамандық таңдау-басты бағдарымыз» тақырыбындағы кәсіптік бағдар беру апталығы аясында «Білім мен тәжірибе – болашақ кепілі» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен «Ашық микрофон» алаңы шарасы ұйымдастырылды.

Шараға қаламыздағы жоғары оқу орындары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ университеті және Ашық университетінің кәсіби бағдар бөлімінің жтекшілері қатысып, бітіруші сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға:

университеттердің оқу жүйесі мен артықшылықтары;

сұранысқа ие заманауи мамандықтар;

мемлекеттік гранттар мен жеңілдіктер;

талапкерге қажет құжаттар мен қабылдау шарттары;

еңбек нарығындағы жаңа үрдістер мен болашақ мамандықтар туралы

жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Сонымен бірге оқушылар кәсіби бағыт таңдауда жіберілетін жиі қателіктер, өз қабілетін дұрыс бағалау жолдары және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болудың негізгі талаптары жайлы құнды кеңестер алды.

Кездесу өте әсерлі өтті — оқушылар нақты сұрақтарын қойып, өз болашағына қатысты маңызды мәліметтермен толықтай танысты. Мұндай шаралар жас буынның мақсат айқындауына, саналы таңдау жасауына және кәсіби дамуына үлкен серпін береді.

Оқушылардың болашаққа бағытталған мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған осындай пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.

 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top