Жаңалықтар / ДЕНСАУЛЫҚ — ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ДЕНСАУЛЫҚ — ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
«Денсаулық — ең басты құндылық» тақырыбындағы онкүндіктің алғашқы аптасы ашық сабақтар шеруімен жалғасын тапты.
4 — сыныптарға денешынықтыру пәнінен ашық сабақтар өткен Ш. Есіркепова мен О. Базарбаев доппен жүргізілетін ойындардың түрлі әдістерін үйрете отырып, оқушыларға футбол ойынын ұғындырды.
7 — 8 сыныптардағы «Ойындағы шығармашылық белсенділік» тақырыбындағы ашық сабақтарында Н. Убаев, С. Қанибек пен Н. Алтыбаев оқушыларға жүгірудің түрлері мен допты алып жүрудің тәсілдерін ойната жүріп үйретті. Сыныптағы ЕББҚ оқушылармен де тақырыпқа сай жеке жұмыстар ұйымдастыра білді.
Денсаулық сақтау мен түрлі дене жаттығуларына арналған ойын сабақтары «Таза ауадағы дене тәрбиесі» тақырыбындағы 1, 2, 3 — сыныптарда ашық сабақ өткізген А. Жуас, Н. Қабадулла, О. Кенішбайлардың сабақтарында тартымды ұйымдастырылды. Бұл сабақтарда оқушылардың пәнге қызығушылықтары мен белсенділіктері айқын көрінді.
«Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу» тақырыбындағы 5 — 7 сыныптардағы ашық сабақтарды Н. Амангелді мен Р. Тулегенов та өте қызықты ұйымдастырды.
Ашық сабақтар апталығындағы шаралар мектеп ауласындағы спорттық алаңдарда өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер пәннің теориялық тұстарын практикалық жаттығу, ойын, әдіс — тәсілдермен толықтыра білді.
Онкүндіктің екінші аптасы спорттық сайыс — эстафета, ойындармен, пәндік үйірме жұмыстарымен және қызықты да, логикалық «көңілді үзілістермен» жалғасады.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top