Жаңалықтар / ДІНИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ!
Мектебімізде 14-қаңтар күні 9-11 сынып оқушыларымен “Жат ағымнан сақтану” тақырыбында жиналыс өтті.
Жиынның мақсаты — Діни экстремизм мен терроризмның алдын алу. Оқушыларға діни сауаттылық ұғымын түсіндіру, дін туралы дұрыс әрі шынайы ақпарат беру, әртүрлі діни көзқарастарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ теріс діни ағымдар мен радикалды идеологиялардың алдын алу арқылы сыни ойлау қабілетін қалыптастыру.
Осыған орай Қызылорда облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Алдашбаев Сәкен қатысып, оқушылардың діни сауаттылығын ашу мақсатында сұрақ жауаптар жүргізіп, интернет пен әлеуметтік желілердегі діни ақпаратты дұрыс саралай білуге үйретті.

