Жаңалықтар / Мамандық таңдау – басты бағдарымыз
№176 орта мектебінде «Мамандық таңдау – басты бағдарымыз» атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімдері М.Жұмабекова мен Қ.Жұмаева 3–8 сынып мұғалімдеріне арналған «Мәтінмен жұмыс шеберханасы: ББЖМ-де оқу сауаттылығын арттыру жолдары» атты әдістемелік-практикалық шебер сынып өткізді.
Шебер сынып барысында қатысушылар:
ББЖМ тапсырмаларының құрылымымен танысты;
Оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді мәтінмен жұмыс стратегияларын тәжірибеде орындады;
Топтық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы өзара тәжірибе алмасты;
Оқушылардың сыни ойлау, талдау, интерпретация жасау дағдыларын дамыту жолдарын талқылады.
Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға арналған заманауи тәсілдер көрсетілді.
Шара барысында мұғалімдер мәтінді терең талдау, негізгі ойды анықтау, қорытынды жасау және пікір білдіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдістермен танысып, өз тәжірибелерінде қолдануға қажетті практикалық идеялар алды.
Осындай мазмұнды тәжірибе алаңы кәсіби дамуға серпін беріп, білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

