Жаңалықтар / Өмірге салауатты қадам

Өмірге салауатты қадам
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 3- сыныптар арасында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу болды.
Сабақ барысында оқушылар салауатты өмір салтының негізгі қағидаларымен танысып, түрлі сұрақ-жауап, ойындар мен тапсырмалар арқылы белсенділік танытты. Олар пайдалы және зиянды әдеттерді ажыратып, дене белсенділігінің маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.
Денсаулықты сақтау – әр адамның басты міндеті екені түсіндіріліп,
«Денсаулық – зор байлық» қағидасы кеңінен насихатталды.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top