Жаңалықтар / Өнегелі 15 минут

Өнегелі 15 минут
№176 орта мектебінің 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары «Өнегелі 15 минут» аясында балаларына түрлі бағытта мазмұнды уақыттар өткізді. «Өнегелі 15 минут» іс-шарасының мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту; Бала тәрбиесіне ата-ананың белсенді қатысуын арттыру; Баламен жеке уақыт өткізіп, рухани жақындасуға жағдай жасау;
Отбасылық құндылықтар мен тәрбиенің маңызын түсіндіру.
Сынып ата-аналары өз балаларымен жеке әңгімелесіп, бірге кітап оқып, ұлттық аспап домбыра шертіп, бисермен жұмыс, кесте тігу, түрлі қызықты тапсырмалар орындау арқылы рухани байланыстарын нығайтты. Бұл бастама ата-ана мен бала арасындағы түсіністік пен сенімді арттырып, тәрбиенің маңызын айқындай түсті.
«Өнегелі 15 минут» — бала мен ата-ана арасындағы алтын көпір. Қысқа ғана уақыттың өзі бала жүрегіне шуақ шашып, санасына салиқалы ой салады. Әр ата-ана осы 15 минутты бала тәрбиесіне арнаса, қоғамымыздың болашағы жарқын, өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз.

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top