Жаңалықтар / Отырардың ойлы перзенті
Отырардың ойлы перзенті
№176 орта мектеп кітапханасында №1 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ғұлама, шығыс философиясының жарық жұлдызы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай «Отырардың ойлы перзенті»атты рухани тәрбие кеші өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларға әл-Фарабидің өмір жолы, ғылымға қосқан өлшеусіз үлесі, адамзат өркениетіндегі орны туралы терең мағлұмат беру, рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру.
Кеш барысында оқушылар ғұламаның еңбектеріне шолу жасап, ой толғауларын оқыды, кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар «Екінші ұстаз» атанған дана бабамыздың мұрасы жайлы пікір алмасу
ұйымдастырылды.

