Жаңалықтар / ҚЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ, ЖАДЫМЫЗДА ТОҚИМЫЗ
ҚЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ, ЖАДЫМЫЗДА ТОҚИМЫЗ
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 2025-2026 оқу жылының 29 желтоқсан -07 қаңтар аралығындағы қысқы демалыс кезінде №176 орта мектебінің 3 «Б», 5 «A»,6 «Ә» сынып оқушылары аналарымен бірге
«Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз» атты отбасылық оқу сағаты ұйымдастырылды. Балалар мен аналардың жүрегін жақындастыратын ерекше шара, қыстың тыныш та мейірімге толы кештерінде отбасы болып ертегі оқу – баланың қиялын ұштап, сөздік қорын байытып қана қоймай, ана мен бала арасындағы байланыстарды нығайтты.
Бұл шараның басты мақсаты – аналар мен балаларды кітапқа жақындатып, бірлескен оқу арқылы рухани тәрбие беру. Шара барысында балалар өздері таңдаған ертегі кітаптарын анасымен бірге дауыстап оқиды. Оқып болған соң, әр оқушы ертегінің мазмұнын өз сөздерімен түсіндіріп, жақсы әсер қалдырған оқиғаларымен бөліседі.
Аналар да балаларының ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, мәтінді түсіну деңгейін тыңдап, қуанышпен бақылап отырады. Осындай ортақ оқу сәттері баланың сенімін арттырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін оятады.
«Қыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз» – жай ғана оқу сағаты емес, бұл – жылулыққа, мейірімге, білімге толы керемет дәстүр. Қысқы кештерді мазмұнды өткізіп, ертегілер әлеміне саяхат жасаудың тамаша мүмкіндігі.

