Жаңалықтар / Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының жыр алыбы

Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының жыр алыбы

24 қаңтар күні №176 орта мектебінде қазақ поэзиясының ұлы тұлғасы, ғасыр жасаған дана ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай 5-6 сыныптар арасында сыныптан тыс шара өткізілді. 

Шара барысында оқушылар: ақынның өмір жолымен танысты. 

шығармаларын талдап, өлеңдерін жатқа оқыды, топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындады. 

       «Өлеңді жалғастыр», «Миға шабуыл», «Галерея» әдістері арқылы белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. 

Бұл жұмыс оқушылардың поэзияға қызығушылығын арттырып, Жамбыл жырларындағы елдік, бірлік, ерлік құндылықтарын түсінуге мүмкіндік берді. 

 Жыр алыбы Жамбыл мұрасы — мәңгілік рухани байлығымыз! 

Директордың блогы

Тегі Аты Әкесінің аты

Толығырақ көру

Scroll to Top